Қуат қорларының пайдасын ұзаққа сақтайық

4,277 келіседі

Шеврон немен айналысады

Ардақ, «Шеврон» компаниясының талдаушысы, және Жаңабек, отағасы бүгінгі таңда қуат көздері елімізге көмектесіп жатқанымен келіседі. Ертең де көмектесетініне күмәнданбайды.

Жазбаны жүктеп алу (125K)

Кім келісетінін анықтаңыз

Скотт Дэвис

Скотт Дэвис

«Шеврон» компаниясының Еуразиялық бөлімшесі

Басқарушы директор

Энергетика саласын дамыту Қазақстанның таңқаларлық өрлеуі мен гүлденуіне аса маңызды үлес қосып келе жатыр. «Шеврон» компаниясында біз Қазақстанның табысты болуында және жаһандық деңгейдегі елге айналу мақсатында қолдаушы рөл атқаруын мақтан тұтамыз.

20 жылдан аса уақыт бойы «Шеврон» Қазақстан халқына ұзақ мерзімді және нақты артықшылықтарды қамтамасыз ету үшін миллиардтаған доллар жұмсады. Біз іс-әрекетімізге қызмет ететін және оны қамсыздандыратын жергілікті қазақстандық кәсіпорындарға қолдау көрсетіп, олардың өсуіне үлес қосамыз, мыңдаған жұмыс орындарын ашамыз және жұмысшылардың ең жоғарғы деңгейде жұмыс істеуі үшін жоғары сапалы оқыту курстарын ұсынамыз. Жалпы қызметкерлеріміздің шамамен тоқсан пайызы Қазақстан азаматтары болып табылады, ал жергілікті қоғамның мыңдаған өкілдері күнделікті қызметімізден оң нәтиже алып, алға басып келеді.

«Шеврон» компаниясы берген уәделерін жүзеге асырып және жұмыс көрсеткіштерін нығайтып келеді. Біз өзімізді Қазақстанның тарихына, қазіргі күніне ортақтас сезінеміз және бірге алдымыздағы көптеген жыл бойы серіктестік құрып, экономикалық ілгерілеуді қамтамасыз етуді және халық жағдайын жақсартуды көздейміз.

Қанат Байғарин

Қанат Байғарин

«Nazarbayev University Research Innovation System» жеке мекемесінің

Бас директоры

Мұнай саласы Қазақстанның басты салаларының бірі, ал халықаралық компаниялар ел экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады.

«Шеврон» компаниясы білім беру және ғылыми зерттеу іс-шараларына қолдау көрсету мақсатында Назарбаев Университетімен көптеген жылдар бойы ынтымақтасуда. Осы іс-шаралар елдің зияткерлік әлеуетін арттыруды және Қазақстанды жаңашылдық орталығына айналдыруға көмектесуді көздейді. Бұл серіктестіктің арқасында соңғы бірнеше жылда біз бірқатар жобаға грант бөлуге мүмкіндік алдық. Сонымен қатар, грант арқылы бөлінген қаражат Университетке заманауи ғылыми зерттеу жабдықтарын сатып алуға мүмкіндік берді.

Назарбаев Университеті мен «Шеврон» компаниясының арасындағы қарымқатынас еліміздің тұрақты жане бәсекелесуге қабілетті экономикасын құруға ықтимал ететін болашақ энергетикасын дамытуға бағытталған.