Мықты мамандар Жарқын болашақ

22,979 келіседі

Шеврон немен айналысады

Сәуле, «Шеврон» қызметкері, және Рахат, Экономика пәнінің мұғалімі, қазақстандық қызметкерлерге инвестиция салу еліміздің игілігін арттыратынымен келіседі.

Жазбаны жүктеп алу (76K)

Кім келісетінін анықтаңыз

Евгений Легин

Евгений Легин

«Шеврон» компаниясының Қазақстандық бөлімшесі

Атырау құбыр арматурасы зауытының Бас менеджері

Табысты ұйым қабілеті өзі ісіне шынайы берілген адамдардан құралады. Жақсы оқытылған және жоғары нәтижелі қызметкерлері бар компаниялардың кешенді және қиын нарықтарда бәсекеге қабілеттері молырақ.

Қазақстанда біз қызметкерлерімізді компанияның жүрегі мен жаны деп санаймыз, және біз олардың мансабын жоғарылату мүмкіндіктерін ашу мақсатында қызметкерлердің дағдыларын дамытуға ұмтыламыз. Біз оларға ең жоғарғы халықаралық стандарттарына сәйкес жақсы тәжірибе мен дағдылар жинауға көмектесеміз. Мен өзім маркетинг жөніндегі координатордан Атыраудағы құбыр арматурасы зауытының бас директорына дейін небәрі 10 жыл ішінде көтерілдім. Бұл табыс компания шеңберіндегі озық қызметкерді дайындау және дамыту саясаттарының арқасында мүмкін болды.

Қызметкерлерді жетілдіруге деген үлкен ұмтылыс бізге мықты адам, мықты компания және мықты халық деңгейіне өсуге көмектесетін маңыздыфакторлардың бірі екендігіне күмәнім жоқ.

Әділбек Дәулетьяров

Әділбек Дәулетьяров

Novus Sealing Caspian ЖШС-нің

Директоры

«Шеврон» компаниясындағы біздің серіктестеріміз сияқты біз де қызметкерлерді дамытуға едәуір қаржы саламыз, себебі ешбір жұмыс күші игерілген жетік дағдымен бірден пайда болмайды. Сондықтан, жарқын болашақ үшін біз өзіміздің қызметкерлерімізді түрлі оқыту және жетілдіру бағдарламалары арқылы дамытуымыз қажет.

Қызметкерлер бизнестің табыстылығы үшін шешуші мәнге ие болғандықтан, біз жергілікті кәсіпорындар арасынан өз жұмысшыларын жетілдіру және оқыту бағдарламаларын негізге алған компанияларды табысқа жетеді деп санаймыз. Еңбек ресурстарын дамытуға бағыт алу жеке дағдыларды дамытуға ғана көмектесіп қоймай, компанияның жалпы тәжірибелік деңгейін жетілдіреді және қызметкерлерді жұмыс орын үстінде оқытуға мүмкіндік береді.

Сондықтан біз «Шеврон» компаниясының жергілікті қызметкерлерге көптеген мүмкіндіктерді ұсынып, олардың кәсіби дамуына маңызды жұмыс тәжірибелермен қамтамасыз етуін жоғары бағалаймыз.